«Kaztraffic-2025» көрмесінде көлік саласына арналған отандық озық технологиялар таныстырылды

517
Фотосурет: Gov

EXPO халықаралық көрме орталығында ҚР Көлік министрлігінің қолдауымен «Kaztraffic-2025» XXI халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның ашылуында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров бұл алаңның ел мен өңірдің көлік саласының болашағын талқылайтын маңызды халықаралық форумға айналғанын атап өтті.

Көрмеге PIARC ұйымының өкілдері, мердігерлік ұйымдар, ғылыми орталықтар, әкімдіктер, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Еуропа, Орталық Азия және басқа да елдердің компаниялары қатысуда. Конференция барысында жаңа технологияларды енгізу, сапа мен қауіпсіздікті арттыру, автомобиль жолдарын дамыту мәселелері қарастырылуда.

Биыл «Kaztraffic-2025» Қазақстан, Қытай, Түркия, Италия, Франция, Канада, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден 200-ден астам компанияны біріктірді. Әлемдік брендтер Орталық Азияда алғаш рет таныстырылған үлгілерді қоса алғанда, жол-құрылыс техникасының, материалдар мен жабдықтардың жаңа түрлерін ұсынды.

Отандық ғылыми әзірлемелердің премьералары ерекше қызығушылық тудырды — өнеркәсіптік пайдалануға сынақтан өтіп жатқан немесе енгізуге дайын жоғары технологиялық шешімдер. Олар саланың болашақ стандарттарының бір бөлігіне айналмақ.

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты жол-құрылыс материалдары мен технологияларының Бірыңғай базасын, көпір құрылыстарын басқарудың интеллектуалды жүйесін, көше-жол желісін басқару шешімдерін және сала мамандарының базасын таныстырды.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жұмыстар мен материалдарды сараптауды цифрландыру жүйелерін, сынамаларға анонимді таңбалау жүргізу технологиясын, жобалық құжаттаманы сараптау платформасын, ақауларды автоматты тану жүйесін, виртуалды тренажерді және құжаттаманы бақылауды автоматтандыру шешімдерін ұсынды.

«Астана Тазалық» коммуналдық компаниясы қаланың көше-жолдарын тәулік бойы автоматтандырылған тазалауға арналған жаңа экологиялық жабдықтарды көрсетті.

Көрмеде ұсынылған телематикалық кешендер мен жасанды интеллект шешімдері өндірістік процестерді жеделдетуге, бақылау дәлдігін арттыруға және адами факторды төмендетуге мүмкіндік береді. Халықаралық қатысу деңгейі мен технологиялық қамтылуы бойынша «Kaztraffic-2025» соңғы жылдардағы ең инновациялық салалық алаңдардың бірі ретінде бағалануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -