Оңтүстік өңірлердің журналистері Шымкентте өткен тренингте жасанды интеллект құралдарын меңгерді

1254
Фотосурет: Gov

Шымкентте өңірлік журналистерге заманауи цифрлық технологиялар бойынша тренинг өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шымкент қаласында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының журналистеріне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған тренинг өтті.

Іс-шара ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасы редакциялық үдерістерге жасанды интеллект құралдарын тәжірибеге енгізуге бағытталды. Қатысушылар редакция жұмысында ЖИ технологияларын интеграциялау әдістерін меңгеріп, мультимедиялық форматтар мен әлеуметтік желілер үшін материалдар дайындау тәсілдерін зерттеді.

Тренинг барысында «Kcell» АҚ мен Ericsson компаниясының сарапшылары телекоммуникация секторының өзекті даму үрдістерін, еліміздің цифрлық трансформациясындағы негізгі рөлін және экономикалық өсімге тигізетін ықпалын таныстырды.

Практикалық бөлімде қатысушылар заманауи жасанды интеллект құралдарын сынақтан өткізіп, медиаконтентті әртүрлі платформалар мен аудиторияларға бейімдеу тетіктерін меңгерді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -