Павлодар облысында «Қалқаман» көлік айрығында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылғы 22 қарашада сағат 00:30-да Павлодар облысында көлік айрығы қондырмасының шеткі арқалықтарының зақымдалуына байланысты «Астана-Шідерті-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана қаласына шығу бағыты).
Қалқаман елді мекенінен Астана қаласына қозғалыс Береке «Калкаман-Аксу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6км) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады
Қалқаман елді мекенінен Павлодар қаласына және Астана қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс ашық
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.