Ақтау оқушылары көзқарасымен: әскери қызметшілердің бір күндік өмірі

462
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ақтауда оқушылар Ұлттық ұлан әскерінің өмірімен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақтау қаласындағы Ұлттық ұланның 3502 әскери бөлімінде мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өтті.

Шара жас ұрпаққа отан қорғаушылардың күнделікті қызметімен жақынырақ танысуға, әскери тәртіп пен дайындықтың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында оқушылар алдымен әскери бөлімнің казармаларын аралап, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Жасөспірімдерге саптық дайындық жүргізілетін алаңдар, қару-жарақ сақтайтын орындар және арнайы әскери техникалар көрсетілді. Сонымен қатар, бөлімнің асханасы да таныстырылып, әскерилер тамақтану тәртібі мен санитарлық талаптар жөнінде түсініктеме берді.

Ашық есік күніне қатысқан облыстық мектеп-интернаттың оқушысы Ерсайын өз әсерімен бөлісті:

– Бүгінгі іс-шара маған ерекше әсер қалдырды. Әскери бөлімдегі тәртіп пен жауапкершілікті өз көзіммен көрдім. Сарбаздардың бір күндік қызметінің қаншалықты тынымсыз әрі маңызды екенін ұғындым. Әсіресе, әскери техниканы жақыннан көріп, оның қызметімен танысу маған үлкен қызығушылық сыйлады. Болашақта ел қорғаушы болу – үлкен мәртебе екенін түсіндім, – деді Ерсайын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -