Қоянды ауылы тұрақты газбен қамтылды

605
Фотосурет: Gov

Астана агломерациясының 20 мың тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақмола облысының Қоянды ауылында Президенттің Астана агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында табиғи газ беру жұмыстары басталды.

Жоба QazaqGaz ұлттық компаниясы мен оның еншілес кәсіпорны «QazaqGaz Aimaq» АҚ, Ақмола облысы әкімдігі және ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды. 

Жалпы ұзындығы 226 км-ден астам газ құбырлары арқылы сағатына шамамен 30 мың м³ газ жеткізіледі, ал жаңа газ реттегіштері бес мың үйді тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«QazaqGaz Aimaq»  Астана филиалы тәулік бойы жұмыс істейтін авариялық-диспетчерлік қызметі тұрғындарды газды қауіпсіз пайдалану жөнінде хабардар етеді. Қояндыға газ келуі халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді және экологияға оң әсерін тигізеді.

Жыл басынан бері сондай-ақ Нұрлы, Шұбар, Аққайың, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдары және Қосшы қаласы газдандырылды.

Биыл ел бойынша жалпы 94 елді мекен газдандырылмақ, онда 300 мың адам тұрады. Осылайша, жылдың соңына дейін Қазақстандағы газдандыру деңгейі 63,8%-ға жетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -