2025 жылы кедендік тексерістер нәтижесінде 31 млрд теңге қосымша есептелді

1309
Фотосурет: vlast.kz/ Жанара Каримова

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы қаңтар–қазан айларында Мемлекеттік кірістер органдарымен 830 кедендік тексеру жүргізілгенін, оның қорытындысы бойынша 31 млрд теңге қосымша есептелгенін, 24 млрд теңге өндірілгенін хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұзушылықтар кедендік тексерулердің 81%-да анықталды.

Өткен жылмен салыстырғанда қосымша есептеу сомасы 172%-ға, өндіріп алу сомасы 266%-ға өсті.

Кеден саласында бұзушылықтар жасағаны үшін 534 әкімшілік іс қозғалды.

Ең жиі кездесетін бұзушылықтар

  • Кедендік құнды дұрыс анықтамау - 40%.
  • СЭҚ ТН бойынша тауарлардың дұрыс жіктелмеуі - 20%.
  • Шектеулері бар тауарларды мақсатсыз пайдалану - 11%.
  • Кедендік рәсімдердің, оның ішінде уақытша әкелудің шарттарын бұзу - 9%.

​​​​​​​Жауапкершілік

Кедендік декларацияда мәлімделген дұрыс емес мәліметтер үшін – әкімшілік айыппұл көзделген ӘҚБтК-нің 551-бабы.

Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда, ҚР ҚК 236-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -