Павлодарда ұландықтар көңілді тапқырлар сайысына қатысты

1991
Фотосурет: Ұлттық ұлан

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінде «Көңілді тапқырлар» сайысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отан алдындағы борышын Павлодар қаласында өтеп жүрген сарбаздар бір сәтке әзіл әлеміне еніп, өз өнерлерін ортаға салды. Үш кезеңнен тұратын сайысқа үш команда қатысып, көрермендердің жылы қошеметіне бөленді.

"Шараны ұйымдастыру туралы хабарланғанда қызығушылық танытқан мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер өте көп болды. Сарбаздар әр кезеңге тыңғылықты дайындалған. Көрермен алдында әуесқой емес, кәсіби әзілкештер шыққандай әсер қалдырды. Алдағы уақытта да сарбаздар арасында түрлі өнер сайыстарын өткізуді жоспарлап отырмыз" 6679 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Назбек Маликов

Сайысқа баға беруді әскери бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Сабыр Мусин басқарды. Қазылар алқасының әділ шешімімен 2-атқыштар ротасының «Барбарис» командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға әскери бөлім командирінің ауыспалы кубогі табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -