Аҡордада Silk Way Star халықаралық музыкалық жобасының жеңімпаздары марапатталды

1254
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысының атынан халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының қатысушылары марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын марапаттады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SILK WAY STAR (@silkway.star)

Музыка өнеріндегі жарқын жетістіктері мен халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Silk Way Star жобасының жеңімпазы Мишель Джозеф (Моңғолия) ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қатысушы мен ұйымдастырушы Президенттің Алғыс хатына ие болды.

Ерлан Қарин жобаның басты ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің телерадио кешеніне және Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорациясына ризашылық білдірді.

Мемлекеттік кеңесші Silk Way Star музыкалық конкурсы халықаралық жоба ғана емес, халықтар арасындағы шынайы достық пен нағыз шығармашылық алаңына айналғанын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -