Бизнес-омбудсмен прокуратураның «AҚ Тәртіп» ЖШС-ін жекешелендіру мәмілесін жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қайтарып алуды сұрайды

1430
Фотосурет: Василина Атоянц/Tengrinews

Бизнес-омбудсмен Қанат Нұровқа «AҚ Тәртіп» ЖШС Басқарма Төрағасынан Алматы қаласының прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органдары тарапынан құқықтық негізсіз әрекеттер жасалғаны туралы өтініш келіп түсті. Аталған мемлекеттік органдар бұрын қаланың коммуналдық меншігінде болған аталған ЖШС акцияларының жекешелендірілуінің заңдылығына қатысты сотқа талап-арыздар енгізген.

ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметін жүзеге асырады. Оның акциялары 2017 жылы 2016–2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес «Kaz Waste Management» ЖШС-іне сатылған. Бұл ретте акциялардың нарықтық құнын конкурс ұйымдастырушысы болып табылатын Алматы қаласы Қаржы басқармасы тартқан тәуелсіз бағалаушы айқындаған.

Соңғы үш жыл бойы компания жекешелендіруден кейін 6 жыл өткен соң басталған Алматы қаласы қадағалаушы органының бастамасымен қозғалған сот процестеріне қатысып келеді. Олардың нәтижесінде 2023 жылы Алматы қаласы прокурорының негізсіз талап-арызы бойынша қаланың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты (МАЭС) акциялар пакетін жекешелендіру шартының жарамсыз екенін таныды.

Бұдан бөлек, акциялардың сатып алушысына қарсы өзге де талап-арыздар бастамашылық етілген, алайда оларды тараптарды бастапқы жағдайына қайтару туралы МАЭС шешіміне қайшы болғандықтан қалалық сот кері қайтарған. Мысалы, 2018–2020 жылдарға арналған шамамен 34 % (700 млн теңгеден астам) пайда өндіру туралы талап берілген, бірақ дивидендтер төлеу жөнінде ешқандай шешім болмаған және барлық пайда өндірісті дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, 2025 жылы Алматы қаласының табиғат қорғау прокуратурасы «Тәртіп» АҚ-ның ТОО-ға қайта ұйымдастырылуын жарамсыз деп тану және жарғылық капиталдағы үлесті қайтару туралы талап-арызды екі рет берді, қазіргі уақытта ол қаралу үстінде.

Бұл талап қоюдың ешқандай негіздемесі болмағаны атап өтілді, өйткені АҚ-ны ЖШС-ке қайта ұйымдастыру оларды жекешелендіру жөніндегі мәміленің жарамсыздығына байланысты акцияларды кері талап ету туралы дау туындағанға дейін әдеттегі шаруашылық қызмет шеңберінде жүзеге асырылды. Яғни, бұл қайта құру акцияларды сатып алу фактісі бойынша Жауапкершіліктен бас тарту мақсатын көздемеді.

Алматы қаласы прокуратурасының мұндай бірізсіз ұстанымы, Бизнес-омбудсменнің пікірінше, оның алдын ала қалыптасқан теріс көзқарасын және бизнесті ойдан шығарылған негіздер бойынша қудалауды көрсетеді.

Жарияланған жекешелендіру аясында мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алған жеке инвесторлармен жасалған мәмілелерді талап қою мерзімі өткеннен кейін жарамсыз деп тану жол берілмейді. Кәсіпкер активтерді мемлекет белгілеген баға бойынша сатып алып, табысты бизнес құрды, акцияларды сатып алуға 200 млн теңгеден астам, ал кәсіпорынның жабдықтары мен техникасына 7 млрд теңгеден астам қаражат салды, акимат пен тұтынушылар тарапынан ескертулерсіз жұмыс істеді.

2025 жылғы Жолдауында Президент экономикадағы мемлекет үлесін одан әрі қысқарту мен инвестицияларды қорғаудың маңыздылығын атап өтеді. Ал осы жағдайда, 2025 жылдың қыркүйегінде прокуратура жекешелендіру жоспарына сәйкес жүргізілген, 8 жыл бұрын жасалған мәмілені даулағаны айтарлықтай алаңдаушылық туғызады. Инвестициялық ахуалға кері әсер ететін мұндай айқын теріс сигналдар Мемлекет басшысының экономиканы либерализациялау жөніндегі жаңа экономикалық саясатына қайшы келеді.

Кәсіпорын басшысының хабарлауынша, мемлекеттік органдардың талаптары салдарынан әлеуетті инвесторлар кәсіпорынға әрі қарай қаржы салудан қауіптенуде.

«Мәмілені жарамсыз деп тануға ешқандай негіздің болмауын ескере отырып, жедел әрекет етіп, елдің инвестициялық климатындағы құқықтық шарттарды бұзатын тәжірибені тоқтату қажет», – деп Бас прокурорға жүгінді Қанат Нұров.

Бизнес-омбудсмен Бас Прокурордан «Алматы қаласы прокуратурасының әрекеттеріне объективті баға беруді, олардың іс жүргізу шешімдерінің заңдылығын тексеруді және 2023 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін жоюды қоса алғанда, прокурорлық қадағалау шараларын қабылдауды» сұрайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -