Сахнадағы сарбаздар: Өскеменде спектакль қойылды

627
Фотосурет: Gov

Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің  әскери театры өскемендіктерге арнап қойылым қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өнерпаз сарбаздардан құралған әскери театр Металлургтер мәдениет сарайында «Ант» атты драмалық қойылымның премьерасын сахналады.

Мәдени кешке ақсақалдар қауымы, мектеп оқушылары және мерзімді әскери қызметшілер қатысты. Іс-шараға қатысқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов іс-шараның  негізгі мақсатына тоқталды.

"Сарбаздардың рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту, әскери борыш пен елге адал қызмет етудің маңызын көркем тілмен жеткізу, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту және патриоттық құндылықтарды дәріптеу – қойылымның көздеген  мақсаттары болып табылады. Қойылымға елге танымал, үлкен сахналарда  өнер көрсетіп үйренген жас актерлердің қатысуы оның көрермен жүрегіне жол тауып, ерекше әсер сыйлайтынына сенім мол" «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сеитов

Шығармашылық топ жетекшісі қатардағы жауынгер Рамазан Өмірзақ қойылымда басты рөлді сомдады. Мерзімді әскери қызметші Youtube платформасында миллионнан астам қаралым жинаған «Бажалар» және «Сәке» сериалдарына түскен. Өнер иесі Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «кино және театр актері» мамандығын тәмамдаған. Сондай-ақ қойылымдағы басты рөлдердің бірінде отандық "Патруль"сериалының актері Білімжан Тұрсынов ойнайды. Әскерге дейін Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалық драма театрының  белді актері болған ол  қойылымда қалың көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді.

Еске салайық, жастар арасындағы мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған қойылым "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиевтің бастамасымен жарыққа шығып отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -