Аңызға айналған Deep Purple тобының Қазақстанда өнер көрсетуі: жылдың ең көп күткен рок оқиғасы!
2026 жылы 22 сәуірде Ұлыбританияның аңызға айналған рок тобы Deep Purple Алматыда Almaty Arena алаңында жанды дауыспен және музыка аспаптарымен орындалатын үлкен концерт береді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Билет жақын арада Freedom Ticketon сайтында сатылымға түседі.
1968 жылы Лондонда құрылғаннан бері Deep Purple тобы барлық дәуірге рок стилін көрсетіп, хард-рок ережесін мәңгілікке қайта жазды. Олардың «Deep Purple in Rock» күйтабағы жанрдың дамуында жаңа кезең болды. Кейін олар Led Zeppelin және Black Sabbath топтарымен бірлесіп 1970-ші жылдардың дыбысын анықтаған дәл сол «британдық хард-рок пен хеви-металдың бұзық жігіттер үштігін» құрды.
1975 жылы топ Гиннестің рекордтар кітабына «әлемдегі ең шулы топ» ретінде кірді. Сондай мәртебеге олар 1972 жылы Лондондағы Rainbow Theatre сахнасында аңызға айналған өнер көрсетуі үшін жетті.
Deep Purple өз мансабында 100 миллионнан астам күйтабақ сатып, әлемге Rainbow, Whitesnake және Gillan сияқты спин-офф аңызын сыйлады.
Ұзақ шығармашылық тарихы барысында топ құрамында бірнеше рет өзгерістер болды. 1968 жылдан бері жалғыз тұрақты мүшесі ол – дабылшы Иэн Пейс. Топтың алғашқы кезеңінде (1968–1976 жылдар аралығы) төрт аңызға айналған құрам болды, олар – Marks I–IV. Ең ықпалды және коммерция тұрғысынан табысты болған құрам ол – Иэн Гиллан мен Роджер Гловер қатысқан Mark II атауға болады. 1976 жылы тарағаннан кейін Deep Purple 1984 жылы қайта бірігіп, шығармашылық сапарын жалғастырып, дыбыстарын үнемі жаңартып отырды.
2026 жылы Қазақстан көрермендері сахнада Deep Purple тобының заманауи нұсқасын көреді. Оған Иэн Пейс, Роджер Гловер, Иэн Гиллан, Дон Эйри және Саймон Макбрайд кіреді. Deep Purple концерттері – мұра мен күш-қуат қатар өмір сүретін сәттерді көрсетеді: нағыз күш, танымал риффтер және жанкүйерлер ұрпақтары алғашқы аккордтардан бастап танитын дәл сол фирмалы «күлгін сиқыр».
Әлемдік баспасөз өкілдері Deep Purple тобын өзгеріссіз, тұрақты түрде үздік топтар қатарына жатқызады. Олардың ішінде VH1’s Greatest Artists of Hard Rock тізімінде 22-ші орынды, Planet Rock басылымының барлық уақыттағы музыкаға өз әсерін тигізген әртістер тізімінде бесінші орынды атап өтуге болады, ал 2008 жылы топ World Music Awards марапаттау салтанатында Legend Award сыйлығын иеленді. 2016 жылы топтың сегіз мүшесі Рок-н-ролл Даңқ залына кіріп, мәдени феномен ретінде мәртебесін бекітті.
Біз осы аңыз болған топтың барлық қуатын, эмоцияларын және күшін сіздермен бірге ортақтасуды асыға күтеміз. Deep Purple сахнада бізді рухтандыратыны сөзсіз!
2026 жылы 22 сәуірде Алматыда Almaty Arena алаңында кездескенше!