Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік инспекторлар 1 300-ден астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1 356 тексеру жүргізді, оның 461-і жоспардан тыс, 558 – профилактикалық бақылау аясында, 337 – прокуратураның талабы бойынша өтті. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 701 ұйғарым берілді, 79,7 млн теңгеден астам сомаға 349 айыппұл салынды.
Мемлекеттік бақылаумен қамтылғандар: мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 264, денсаулық сақтау нысандары – 168, білім беру – 225, әлеуметтік қорғау – 315, мәдениет – 56, спорт – 55, көлік инфрақұрылымы – 44, қоғамдық тамақтану – 26, сауда – 96, қаржы қызметін көрсету – 24 және басқа да нысандар – 86.
Осылайша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар бірінші Байқоныр қаласының көп бейінді ауруханасына халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін нысанның қолжетімділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша нысан иесіне ұйғарым беріліп, жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Бүгінгі таңда облыс бойынша инфрақұрылым шынымен де мүгедектігі бар адамдарға, жалпы қозғалысы шектеулі азаматтарға қолжетімді болды. Бұлардың қатарында парктер, гүлзарлар, денсаулық сақтау нысандары, мемлекеттік мекемелер және күнделікті қажетті қызметтерді алатын өзге де маңызды орындар бар» I топтағы мүгедектігі бар Қызылорда қаласының тұрғыны Жадра Абуова