2025 жылғы желтоқсан айында салық төлеушілер салық есептіліктерін уақытылы тапсырып, бюджетке міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті белгіленген мерзімдермен алдын ала танысып, барлық міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырады. Бұл өсімпұлдар мен басқа да жағымсыз салдардың алдын алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Салық есептіліктері:
15 желтоқсан:
- 400.00 және 421.00 нысандары – қазан айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.
22 желтоқсан:
- 328.00 нысаны – қараша айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
31 желтоқсан:
- 101.02 нысаны – 2025 жылға КТС бойынша аванстық төлемдердің қосымша есебін тапсырудың соңғы мерзімі.
Төлемдер:
22 желтоқсан:
- Қараша айына ЕАЭО-да ҚҚC;
- Қараша айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
25 желтоқсан:
- Желтоқсан айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
- Қараша айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
- Қараша айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;
- Қараша айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;
- Радиожиіліктер спектрін пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдалану, сондай-ақ қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сонымен бірге ұялы байланысты көрсету үшін ағымдағы төлемдер;
- Қараша айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.