Оралда Ұлттық ұлан сарбаздарына білім гранттары табысталды

396
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Орал қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде қызметін абыроймен аяқтаған 14 сарбазға «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында тегін білім гранттары табысталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жыл сайын екі мыңнан астам жауынгерге жоғары оқу орнында тегін білім алуға мүмкіндік беретін бұл бағдарлама ел жастарының болашағына жаңа мүмкіндіктер сыйламақ.

Грант иегерлерінің қатарында қатардағы жауынгер Асхат Хайролла да бар. Енді Асхат Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан Әскери академиясында білім алып, болашақ өмірін әскери қызметпен байланыстыруды жоспарлап отыр.

Әскер маған жинақылық пен табандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Қызметімді әрдайым адал атқаруға тырыстым. Алдағы уақытта алған білімімді елге қызмет ету жолына бағыттағым келеді. Әскерде осындай мүмкіндік бар екенін естіп келген күннен бастап-ақ осы грант иегері атануға бар күшімді салдым. Күн сайын өзімді шыңдап, әр тапсырманы жауапкершілікпен орындауға тырыстым. Мемлекетіміздің біз сияқты жас сарбаздарға осындай қолдау көрсетіп, жарқын болашаққа жол ашып отырғаны — үлкен сенім. Бұл мүмкіндікті алу мен үшін үлкен мәртебе. Елімізге, мемлекетімізге жастарға осындай мүмкіндік беріп отырғаны үшін алғысым шексіз. Алдағы уақытта осы сенімді ақтап, ел қорғаны болу жолында аянбай еңбек еткім келеді, — дейді ол.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -