«Ұлы Дала дауысы»: Алматыда «Алаш» сыйлығының лауреатының поэтикалық кітабы таныстырылды

1485
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұхтархан Қалиұлының «Ұлы дала дауысы» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиында ақынның поэмалары мен балладалары және өлеңдерін қамтитын «Ұлы Дала дауысы» атты жинағы таныстырылды.

Әдеби кешке қатысушылар автордың шығармашылық жолы мен  поэзиядағы өзіндік  қолтаңбасын, әдебиетке қосқан үлесін кеңінен талқылады.

Іс-шара барысында автордың әндері орындалды.

Басқосуға ақынның отбасы мүшелері, әдебиет өкілдері, мәдениет саласының қайраткерлері және оқырмандар қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -