Алматыда Қазақстан балалары шахмат кубогы–2025 финалы басталды

935
Фотосурет: KazChess

2025 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогының финалы өтеді. Нокаут жүйесі бойынша жарысқа түсетін 9-14 жастағы 16 бозбала мен қыз ең мықты ойыншыларды анықтайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылы Қазақстан Балалар Кубогы жарысы аясында 6 кезең қамтылды:

  • 1-ші кезең – 20–26 наурыз, Талдықорған, Т. М. Кәріпбаев Мемориалы;
  • 2-ші кезең – 2–8 мамыр, Кызылорда, Аралбай Махамбетов Мемориалы;
  • 3-ші кезең – 30 мамыр–5 маусым, Қостанай, А. Г. Уфимцев Мемориалы;
  • 4-ші кезең – 6–12 шілде, Ақтау, Қалшабек Мырзабеков Мемориалы;
  • 5-ші кезең – 2–8 тамыз, Павлодар, «Ертіс өңірінің үміті»;
  • 6-шы кезең – 15–21 тамыз, Алматы.

Әр кезеңнің қорытындысы бойынша әр жас санатындағы – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздарға 1-ші орыннан бастап (20 балл) 15-ші орынға дейін (1 балл) тиісті ұпайлар берілді. Осы балл қосындысы бойынша үздік 16 бозбала мен қыз анықталды (14 жасқа дейінгілер арасындағы 10 үздік + 10 жасқа дейінгілер арасындағы 5 үздік + 2024 жылғы Қазақстан Балалар Кубогының жеңімпазы). Негізгі қатысушылардың біреуі бас тартқан жағдайда оны қосалқылар тізімдегі келесі ойыншы ауыстырды.

5-12 желтоқсан аралығында Алматыдағы Park Dedeman Almaty қонақ үйінде (Тимирязев көшесі, 67а) өтетін финалдық турнирлерге қатысатын шахматшыларды таныстырып өтейік. Әр ойын күнінің басталу уақыты – Қазақстан уақыты бойынша сағат 10.00.

Бозбалалар:

1. Ақылжан Мейірханұлы (29.01.2011, Қызылорда обл., 2340) – 2023 және 2024 жылғы ҚБК жеңімпазы, 1-ші және 2-ші кезеңдерінің жеңімпазы;

2. Алдияр Жарас (5.07.2012, Алматы, 2085);

3. Пайрави Кодири (2011, Тәжікстан, 2012) – 4-ші кезеңнің жеңімпазы;

4. Алтынбек Құсайын (15.01.2011, Павлодар обл., 2007) – 6-шы кезеңнің жеңімпазы;

5. Азамат Алмазұлы (2.07.2013, Абай обл., 1995);

6. Нұрислам Айнақұл (4.08.2011, Шымкент, 1969) – 5-ші кезеңнің жеңімпазы;

7. Ибраһим Бақыт (22.01.2014, Астана, 1948);

8. Мақсат Байсалбеков (29.12.2012, Ұлытау обл., 1929) – 3-ші кезеңнің жеңімпазы;

9. Азат Әміреев (20.04.2013, Қызылорда обл., 1920);

10. AIM Жанболат Аманқос (6.12.2011, Маңғыстау обл., 1919);

11. Кирилл Бабкин (12.01.2011, Павлодар обл., 1905);

12. Диас Аманбек (5.07.2015, Түркістан обл., 1799);

13. Ералы Аман (19.03.2015, Астана, 1795);

14. Ескендір Мұрат (20.02.2015, Алматы, 1768);

15. Санжар Тұрдыбай (15.09.2015, Абай обл., 1717);

16. Әли Атнаш (14.01.2016, Атырау обл., 1649).

Бастапқы тізімде Санжар Толбаев болған еді, бірақ ойынға қатыса алмауы себепті оны Ескендір Мұрат (2016, Алматы, 1632) ауыстырды.

Турнир торы (1/8 финал): жоғарғы жартысы: Ақылжан Мейірханұлы – Әли Атнаш, Мақсат Байсалбеков – Азат Әміреев, Алтынбек Құсайын – Ералы Аман және Азамат Алмазұлы – Диас Аманбек, төменгі жартысы: Алдияр Жарас – Санжар Тұрдыбай, Ибраһим Бақыт – Жанболат Аманқос, Пайрави Кодири – Ескендір Мұрат және Нұрислам Айнақұл – Кирилл Бабкин.

Сhess-results.com

Қыздар:

1. Адия Мәмеш (11.05.2014, Астана, 1787) – 2025 жылғы Қазақстан вице-чемпионы (G12);

2. Маргарита Поляк (2014, Қырғызстан, 1785) – 1-ші кезеңнің жеңімпазы;

3. Бибисара Ержан (3.07.2012, Жамбыл обл., 1707);

4. Азель Түлекенова (29.12.2011, Астана, 1673) –5-ші кезеңнің жеңімпазы;

5. Азалия Балақанова (20.11.2016, Павлодар обл., 1670);

6. Алуна Әубәкірова (15.02.2011, Ақмола обл., 1669) – 3-ші кезеңнің жеңімпазы;

7. Мунира Рау (16.11.2011, Павлодар обл., 1646);

8. Сымбат Жетпіс (27.07.2015, Атырау обл., 1636) – 4-ші кезеңнің жеңімпазы;

9. Ксения Шегай (28.05.2013, Алматы, 1609);

10. Аделина Нұрханқызы (4.04.2016, Шымкент, 1602);

11. Зейнеп Жаппар (3.02.2011, Қостанай обл., 1589);

12. Медина Жәкенова (8.06.2013, Атырау обл., 1576);

13. Ақниет Күмісбай (12.05.2016, Маңғыстау обл., 1569);

14. Інжу Әбиболла (9.02.2015, Ақтөбе обл., 1551) – 6-шы кезеңнің жеңімпазы;

15. Нұрсая Жұмабек (17.01.2014, Шымкент, 1539);

16. Дилайла Сәдуақасова (18.08.2013, Алматы, 1522).

Турнир торы (1/8 финал): жоғарғы жартысы: Адия Мәмеш – Дилайла Сәдуақасова, Сымбат Жетпіс – Ксения Шегай, Азель Түлекенова – Ақниет Күмісбай және Азалия Балақанова – Медина Жәкенова, төменгі жартысы: Маргарита Поляк – Нұрсая Жұмабек, Мунира Рау – Аделина Нұрханқкызы, Бибісара Ержан – Інжу Әбибулла және Алуна Әубәкірова – Зейнеп Жаппар.

Сhess-results

Әр кезеңде – 1/8 финалда, ширек финалда, жартылай финалда және финалда – қарсыластар фигуралардың түсін ауыстырып, 90+30 классикалық уақыт бақылау нұсқасы бойынша (партияға 90 минут беріледі және әр жүріс үшін біріншісінен бастап 30 секунд қосылады) екі партиядан ойнайды.

Екі классикалық партиядан кейін қарсыластар тең түскен жағдайда жеңімпаз анықталғанға дейін тай-брейк: екі партия рапид 15+10, екі партия блиц 3+2 ойналады және соңында «армагеддон» деп аталатын ойынға орын беріледі – ол бойынша фигуралардың түсін таңдайтын ойыншы жеребе тарту жолымен анықталады (ақ фигуралармен ойнайтын шахматшыға 3 емес, 4 минут беріледі, бірақ осы жалғыз партияда қарсыластар тең түскен жағдайда қаралар жеңімпаз деп танылады).

Турнир торы:

Әр финалдың (қыздар мен бозбалалар арасындағы) жүлде қоры1,5 млн теңгеден. Ол келесідей бөлінеді: 1-ші орын үшін – ₸300 000, 2-ші орын үшін – ₸200 000, 3-ші орын үшін – ₸150 000, 4-ші орын үшін – ₸130 000, 1/4 финалда жеңіліс тапқан 4 ойыншының әрқайсысына – ₸80 000, 1/8 финалда жеңіліс тапқан 8 ойыншының әрқайсысына – ₸50 000 табыс етіледі.

Бозбалалар мен қыздар арасындағы финал жеңімпаздары жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаттары: World Cadets Chess Championship – U8–U12, World Youth Chess Championship – U14–U18 KazChess/ҚШФ атынан қатысу құқығына ие болады.

2023 жылы Қазақстан Балалар Кубогының финалы алғаш рет нокаут жүйесі бойынша өтті. Онда Ақылжан Мейірханұлы (Қызылорда обл.) мен Әсия Асылхан (Түркістан обл.) жеңімпаз атанды. Олар бір жылдан кейін өткен турнирде де жеңіске жетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -