2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.
"Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты" ҰҚК баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде.