Астанада туған жерге деген сүйіспеншілікті арқау еткен «Жоқшы» поэтикалық жинағының тұсаукесері өтті

1133
Фотосурет: Gov

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, журналист Мүсіркеп Сейдахметтің «Жоқшы» кітабының таныстырылымы және «Кәусарын жырдың атқылап, тас жарып шыққан қайнармын» атты шығармашылық кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақынның 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Жоқшы» жыр жинағында туған жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық болмыс пен тарихи жады, рухани ізденіс және адамдық қасиет тақырыптары қамтылған.

Жиынға қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, журналистер мен оқырмандар қатысты.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік тапсырыс аясында 3000 дана таралыммен жарық көрген бұл кітап еліміздің кітапханаларына таратылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -