Алматының ТЖД хабарлайды: 8 желтоқсанда таулы аймақта қалың қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қалада тұман түсіп, сынап бағанасы төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.
Жолға шығарда бағытыңызды ауа райына қарай жоспарлаңыз. Сондай-ақ, тауға шығуды кейінге қалдыра тұрыңыз.
🌥️Автокөлікті ағаштың астына қоймауды және әлі толық бітпеген құрылыстың маңынан жүрмеңіз.
Алдағы суық ауа райына байланысты: мұржаның дұрыс әрі қауіпсіз жұмыс істеп тұрғанын қадағалап, электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз.