Кликбейт (ағылш. click – «басу» және bait – «тарту») – бұл оқырманды сілтемені басуға итермелейтін, қызығушылық тудыратын «мен мұндалап» тұрған тақырып немесе сурет, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мынадай тақырыптар: «Тек бүгін ғана! iPhone жарты бағамен, сізге тек мыналарды ... жасау қажет», «Сенбейсіз бе! Жаңа жылдың құрметіне сыйлықтар таратылуда!», «Бұл бұрын-соңды болмаған! Егер жатарда ... ішсеңіз, тұмау мен коронавирус сізді айналып өтеді» - бұл кликбейттің мысалдары.
Алаяқтар электрондық пошта арқылы әртүрлі мессенджерлерде өмірде жоқ банктердің, блогерлердің, дүкендердің және басқа да ұйымдардың атынан кликбейттік тақырыптармен хаттар жібереді.
Кейбір тақырыптар бейнебаянмен бірге жүреді, алайда оны көру үшін өз гаджетіңізге арнайы қосымша орнату керек. Егер пайдаланушы оны жүктеп алатын болса, онда ол зиянды бағдарламалық жасақтама орнатып алуы мүмкін, оның көмегімен алаяқтар дербес деректерді ұрлап, тіпті гаджетті қашықтан басқара алады.
Егер сіз сілтеме бойынша өтсеңіз не болады?
Пайдаланушылар анық-қанығын білу үшін тақырыпқа басқан кезде, олар фишингтік сайтқа түседі. Мұндай интернет-ресурс түпнұсқаның, мысалы, жаңалықтар порталының, онлайн-дүкеннің және т. б. көшірмесі болып табылады.
Кейбір пайдаланушылар алаяқтарға өздерінің есептік деректерін бергендерін білмей, ойланбастан аккаунтқа автоматты түрде кіруді орындаулары мүмкін. Егер бұл онлайн-дүкеннің жалған парағы болса, онда пайдаланушылардан банктік деректерін енгізу сұратылады, ал тапсырыс берілгеннен кейін кибералаяқтар барлық төлем ақпаратын қолға түсіреді.
Алаяқтық кликбейттің белгілері
- парақ ұзақ жүктеледі және сізді басқа сайтқа бағыттайды;
- кликбейтке басқан кезде сізден бірдеңелерді жүктеуді сұрайды.
Маңызды: егер сіз осы белгілердің кез келгенін байқасаңыз, қосымшаны дереу жабыңыз, ештеңені жүктемеңіз және сұралған деректерді енгізбеңіз.
Өз гаджеттеріңізді қалай қорғауға болады?
- теңшеулерде бөтен тарап көздерінен бағдарламалар орнатуға тыйым салуды ортану, белсендіру, антивирусты пайдалану және оны жаңартып отыру ұсынылады;
- AdBlock, uBlock Origin, Ghostery, AdGuard браузерлері үшін кеңейтуді пайдаланыңыз. Бұл тегін және сізге қандай контентті көруге және қайсысын бұғаттауға болатындығын таңдауға көмектеседі