Астанада өтетін ауқымды этнофорум қазақ дәстүрлерінің байлығын танытады

1804
Фотосурет: Gov

Астанадағы Ұлттық музей ғимаратында ауқымды этнофорум өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оған қолөнершілер, дизайнерлер, кәсіпкерлер, этносарапшылар, мәдениет және туризм саласының қызметкерлері қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Форумның басты мақсаты – ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, қолөнер мен этноқұндылықтарымызды дәріптеу, мәдени туризм мен креативті индустрияны дамыту, ұрпаққа аманат ету.

Іс-шара аясында этнокөрме (қолөнер бұйымдары), этностильдегі сән көрсетілімі өтеді. Форум алаңында ашық пікір алмасу ұйымдастырылады.

Сол сияқты формуға қатысушылар «Хас шебер» қауымдастығының жұмысымен танысып, ұлттық құндылықтарды дамыту жолындағы нақты ұсыныстарды талқылайды.

Ауқымды этно жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен мәдениет қайраткерлері қатысады.
Іс-шара 13 желтоқсан сағат 09:00-де басталады. Этнофорумға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://forms.gle/cvkkwe4HWuD9aQUTA 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -