Қазақстандағы Geely маркасының ресми дистрибьюторы және Orbis Auto автомобиль тобының құрамындағы G Motors Kazakhstan компаниясы жаңартылған премиум санатындағы Geely Monjaro кроссоверінің сатылымы басталатынын хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жаңартылған модель 12 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық дилерлік орталықтарында қолжетімді болады. Көлік екі түрлі жинақтамада ұсынылады: Premium – 20 890 000 теңгеден, Flagship – 21 890 000 теңгеден басталады.

Жаңартылған Geely Monjaro бұрынғы нұсқасының негізгі артықшылықтарын сақтап қалды: сенімді платформа, жоғары қауіпсіздік деңгейі және көзге үйреншікті дизайн. Сонымен қатар, модельдің интерьері толық жаңартылып, жүргізуші мен жолаушыларға ыңғайлылықты арттыратын қосымша функциялармен толыққан.
«Geely компаниясының Қазақстандағы табысы заманауи технологиялардың, жоғары қауіпсіздік деңгейінің және қолжетімді бағаның үйлесімімен тығыз байланысты. Geely Monjaro өзін күнделікті жүріске де, ұзақ сапарға да лайықты, премиум мүмкіндіктері жоғары сенімді кроссовер ретінде көрсете білді. Жаңартылған, интерьері жақсартылған және функционалы кеңейтілген нұсқасы сатып алушылар арасында сұранысқа ие болып, Geely брендінің ел нарығындағы позициясын нығайтады деп сенемін», – деп атап өтті G Motors Kazakhstan директоры Регина Амерханова.

Жаңартылған Monjaro интерьерінде жоғары сапалы күдері (замша) материалдарымен әрленген жаңа қара-сұр түсті гамма қолданылған. Орындықтардың жастықшаларының ұзындығы ұлғайтылған, ал жүргізуші креслосы кеңейтілген реттеу мүмкіндіктерімен және массаж функциясымен толықтырылған. Екінші қатарда Flagship нұсқасында орындық арқалығының еңкеюін электрмен реттеу және алдыңғы жолаушы креслосының орналасуын басқару мүмкіндігі қолжетімді. Bose аудио жүйесінің орнына кристалды дыбыс реттегіші бар премиум Infinity жүйесі орнатылған. Орталық консоль жаңартылған, беріліс қорабының жаңа селекторы орнатылған, ал мультимедиялық жүйеге дауыстық командалар арқылы көліктің функцияларын басқаруды қамтамасыз ететін дауыстық көмекші қосылған. Flagship нұсқасында көк-жасыл түсті жаңа шанақ түсі де қолжетімді.
Geely Monjaro CMA модульдік платформасына негізделген және Euro NCAP, US IIHS және C-NCAP секілді қауіпсіздіктің бес жұлдызды стандарттарына сай келеді. Шанақ құрылымының 75%-дан астамы аса берік болаттан жасалған. Лазерлік дәнекерлеу технологиясы мен соққы күшін сіңіретін элементтер көліктің жалпы төзімділігін және пассив қауіпсіздігін арттырады.

Көлік қуаты 238 ат күші және айналу сәті 350 Н·м болатын екі литрлік турбиналы қозғалтқышпен жабдықталған. 0-ден 100 км/сағ-қа дейін 8,4 секундта жетеді, орташа отын шығыны 100 км-ге 8,8 л құрайды. BorgWarner 6-шы буындағы интеллектуалды толық жетекті жүйесі жол жағдайларына бейімделеді және Eco, Comfort, Sport, Snow, Off-road, Smart және Sand режимдерінде жұмыс істейді.
Жаңа Geely Monjaro Flagship 2025 моделінде алғаш рет электронды басқарылатын амортизаторлары бар CDC (Continuous Damping Control) бейімделмелі аспа жүйесі қолданылды. Бұл жүйе жол жағдайына қарай көліктің қаттылығын автоматты түрде өзгертіп, секундына 1000 ретке дейін дәл реттеулер енгізе алады.

Жаңартылған тәуелсіз аспа архитектурасымен – алдыңғы McPherson тіректері және артқы көптіреуіш жүйесімен бірге – көлік жоғары жылдамдықта әлдеқайда тұрақты болып, бұрылыстардағы көлбеу қозғалысы азайған, ал кедір-бұдыр жолдарда виброкомфорт айтарлықтай артқан. Инженерлік шешімдердің мұндай кешені Monjaro 2025 моделінің жүріс сапасы мен динамикасын қымбат премиум сегменттегі көліктер деңгейіне жақындатты.
Модельде ADAS Level 2 деңгейіндегі G-Pilot жүргізушіге көмек көрсету жүйесі орнатылған. Оның құрамына адаптивті круиз-бақылау, трассада қозғалысты көмекші режиммен жүргізу, жолақта ұстап тұру жүйесі, соқыр аймақты бақылау, соқтығысудың алдын алу функциялары және басқа да белсенді қауіпсіздік элементтері кіреді. Бұрынғы нұсқада болған барлық технологиялар толық сақталған.
Жаңартылған Geely Monjaro Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Атырау, Ақтау, Қостанай, Тараз, Көкшетау, Қызылорда, Орал, Семей, Түркістан және Жезқазған қалаларында, жалпылай еліміздің 17 қаласындағы G Motors Kazakhstan-ның 23 ресми дилерлік орталығында қолжетімді болады.