Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық төлеушінің паспортында қамтылған мәліметтер тізбесін, оны қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру қағидалары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 917 Бұйрығының (бұдан әрі — бұйрық) бекітілгені туралы хабарлайды. Құжат Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 36-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында қабылданды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұйрық салық құпиясына жатпайтын салық төлеушілер туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай деректерді жария орналастыру тетігін енгізу азаматтарға, сатып алушыларға және қызмет пайдаланушыларға оның тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде өтініштер мен шағымдарды кейіннен жіберу үшін салық төлеушіні сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Қабылданған нормалар қоғамдық бақылаудың тиімді құралын құра отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттырады. Мәліметтердің ашықтығы салық жүйесіне деген сенімді нығайтуға және салық заңнамасын сақтау деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші халықты хабардар ету үшін салық төлеушінің паспортын тікелей бақылау-касса машиналары тұрған және жалпыға бірдей қолжетімді жерлерге орналастыруға міндетті.
Салық төлеушінің паспорты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.