Ұлттық қорғаныс университетінде донорлық акция өтті

1023
Фотосурет: Gov

Бұл күні ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылары, магистранттары мен сержанттары – барлығы 110 әскери қызметші қан тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Донорлық қан шұғыл операциялар жүргізу, зардап шеккендерге көмек көрсету және пациенттерді емдеу үшін медициналық ұйымдарға жіберіледі. Университетте қан мен оның компоненттерін ерікті түрде тапсыру тәжірибесі бұрыннан келе жатқан дәстүрге ие.

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков ерікті түрде донор болу отандық медицинаны қолдауға, әскери қызметшілердің өмірін сақтап қалуға және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға бағытталған құндылықтар жүйесін қалыптастырады деді.

Ұлттық қорғаныс университетінде өз еркімен қан тапсыру акциясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» РМК көшпелі бригадасының қатысуымен ұйымдастырылды. Медицина мамандары да өз кезегінде әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын тексеріп, тиісті ұсыныстар берді.                                                                                  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -