Алматы облысында қар құрсауында қалған 88 адам, оның ішінде бір бала құтқарылды

1287
Фотосурет: Gov

Алматы облысында қар құрсауында қалған тұрғындар құтқарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін түнде Еңбекшіқазақ және Іле аудандарының жабық жол учаскелерінде боран мен шектеулі көріну жағдайында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған азаматтарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Еңбекшіқазақ ауданында Космос – Базаркелді, Қырбалтабай – Ақжал және Бөлек – БАК автожолы бағыттарында ТЖМ құтқарушылары 45 адамды, сонымен қатар 20 жеңіл көлікті және 1 жүк көлігін эвакуациялады.

Іле ауданында Қонаев – Құрты тас жолында қар құрсауында қалған 43 адам (соның ішінде 1 бала) және 20 жеңіл автокөлік құтқарылды.

Барлық азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -