Жыл қорытындысы: 2025 жылы TikTok-та қазақстандықтарды не және кім шабыттандырды?

1265
Фотосурет: Ілияс Уәлиев

2025 жыл TikTok үшін жаңалықтарға толы кезең болды: шабытқа толы оқиғалар, шағын бизнес пен қолданушылардың сүйіктісіне айналған талантты креаторлар, қазақ мәдениетінің байлығы мен елдің таусылмас шығармашылық әлеуетін жаңа қырынан көрсеткен контент – осының бәрі платформаның биылғы келбетін айқындады.

Биыл пайдаланушылардың жүрегін кімдер жаулап алды? Қазақстандық болмысты айқын жеткізіп, миллиондаған көрерменнің назарын аударғандар кімдер? Қандай жобалар қазақстандықтарды шығармашылыққа жетеледі? Қысқа бейнероликтер жасау мен көру бойынша жетекші платформа дәстүрлі жылдық қорытындысын ұсынады.

Өткен жыл TikTok Қазақстан үшін жарқын шығармашылықтың, серпінді өсудің және миллиондаған қолданушыларды біріктірген жаңа форматтардың кезеңіне айналды. 2025 жылы қазақстандықтар #Наурыз2025 және #нетамашалаймыз сынды трендтік хэштегтерімен белсенді контент жасап, Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys сияқты әлем жұлдыздарының концерттерінен түсірген бейнелерін бөлісті, сондай-ақ ел футболшыларының Чемпиондар лигасындағы жетістіктерін қызығушылықпен бақылап отырды.

Фото: Ілияс Уәлиев

Бейнероликтер жасау мен көру платформасы өзінің ойын-сауық кеңістігі ғана емес, әркім өз талантын көрсетіп, танымал бола алатын орта екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұнда шағын бизнес клиент табады, түрлі тақырыптық әрі танымдық бастамалар жүзеге асады, ал ұлттық нақыштағы контент ұсыныстар көшін бастайды.

Биыл Қазақстан TikTok-та нағыз трендсеттерге айналды. Индонезия мен Кореядан бастап Мексика мен АҚШ-қа дейінгі түрлі ел қолданушылары Қазақстанға арналған жеке тренд қалыптастырды. Шетелдік креаторлар қазақстандық мәдениетке ерекше қызығушылық танытып, «I’m not Kazakh, but…» тренді аясында қазақстандық әртістердің әндерін орындады. Қатысушылардың музыкалық таңдауы да әр алуан болды: Қайрат Нұртас пен Садраддиннің хит әндері, Қайрат Баекенов пен «Формат» тобының композициялары, сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің күрделі вокалдық партиялары. Кейбір бейнелер ұлттық аспаптармен орындалатын халық әуендеріне түсіріліп, флешмобқа ерекше ұлттық реңк берді.

Қауымдастық таңдауы: 2025 жылдың ең жарқын креаторлары

Қолданушылар платформаның ең белсенді және ерекше авторларын анықтаған #ҚауымдастықТаңдауы2025 байқауы - TikTok-тағы биылғы жылдың маңызды оқиғаларының бірі болды. 21 қараша мен 5 желтоқсан аралығында пайдаланушылар жеті санат бойынша өздеріне ұнайтын креаторларға дауыс берді. Бұл байқау TikTok жергілікті қауымдастығының сан алуандығы мен шығармашылық жетілгендігін көрсетті.

Төменде байқаудың әр номинациясы бойынша жеңімпаздары ұсынылған — олар жергілікті қауымдастықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, оның айқын дауысына айналған авторлар.

Фото: Ілияс Уәлиев

Ең үздік ойын-сауық контентінің авторы

Нұрбек Қасымбеков @daulenuly - қазақ тілінде киноларға шолу жасап, премьералар туралы ақпарат және көруге лайық фильмдер бойынша кеңестер беріп отырды. Оның қысқа әрі мазмұнды роликтері TikTok аудиториясы үшін кино әлемін қолжетімді әрі қызықты етті.

Фото: Ілияс Уәлиев

Ең үздік спорттық креатор

Темірлан Орынбаев @temirlan_erzhanovich – спорт жаңалықтары, матчтар мен жергілікті командалардың дамуын талқылап, елдегі футбол тақырыбындағы танымал тұлғалардың біріне айналды.

Фото: Ілияс Уәлиев

Ең үздік танымдық контент авторы

Алтынай Утегенова @altynai_qazaq_tili – қазақ тілін үйренуге арналған танымдық контентпен бөлісіп, лексика мен ережелерді түсіндіріп, көрермендердің білімін кеңейтуге және мәдени мәнмәтінге тереңірек бойлауына көмектесті.

Фото: Ілияс Уәлиев

Ең үздік аспаздық креатор

Найля Павловская @nyakushkaa – қарапайым әрі дәмді үй рецептерімен бөлісіп, көрермендерді аспаздық тәжірибелерге шабыттандырды. 

Фото: Ілияс Уәлиев

Ең үздік саяхат контентінің авторы

Жұлдыз Рахмет @zhuldyz_rakhmet – тревел-журналист, платформа қолданушылары үшін Қазақстанның көрікті жерлерін таныстыратын виртуалды гидке айналды. Автор осы номинацияда екінші жыл қатарынан жеңіске жетті, бұл оның ел ішіндегі сапарларының аудитория үшін өзекті әрі қызықты екенін дәлелдейді.

Ең үздік мәдениет контентінің авторы

Жоба Ұлт қазынасы  @ult_kazynasy аккаунтының авторлары - Нариман Қарабалин, Бисұлтан Өмірбаев, Бауыржан Тілеуханов және Әділ Имантаев - өңірлердің мәдени және тілдік ерекшеліктерін көрсетіп, Қазақстан тарихына арналған бейнелер жасайды.

Фото: Ілияс Уәлиев

Ең үздік шағын бизнес аккаунты

@doner_na_satpayeva_ – Алматыдағы танымал жергілікті донер - бейнелерінде негізгі кейіпкерлер ретінде өз клиенттерін көрсетеді. Аккаунт командасы күлкілі диалогтардан бастап қонақтардың тосын реакцияларына дейінгі қызықты әрі қарқынды роликтер түсіреді. Күлкі, шынайы эмоциялар мен таныс жағдайлар арқасында олардың контенті вирустық сипатқа ие болып, кең аудиторияның ықыласына бөленді.

2025 жылғы TikTok-тағы маңызды оқиғалар

Discover List 2025: қазақстандық креатордың жаһандық мойындалуы

Жылдың есте қаларлық оқиғаларының бірі – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарованың (@botagozomarova2) жетістігі. Ол TikTok-тың халықаралық жыл сайынғы 50 үздік авторды құрайтын Discover List 2025 тізіміне енген Орталық Азиядан шыққан алғашқы креатор атанды.

#Нетамашалаймыз: киноиндустрияны қолдау және фан-қауымдастықтарды дамыту

TikTok жергілікті кино саласын қолдауға бағытталған алғашқы ірі бастамасы – #нетамашалаймыз науқанын іске қосты. Қолданбадағы арнайы бөлім, эксклюзивті материалдар және киноға арналған бейнебайқау пайдаланушылардың фильмдер мен сериалдар тақырыбындағы талқылауларын күшейтіп, елдегі киноәуесқойлар қауымдастығының дамуына серпін берді.

#Наурыз2025: Ұлттық мәдениетті ілгерілету 

2025 жылы платформа үшінші рет Қазақстан аймақтарындағы қолданушыларды біріктіріп, ірі #Наурыз2025 онлайн-фестивалі аясында мәдени мұра мен отбасы құндылықтарын бөлісуге арналған цифрлық алаңға айналды. Екі апта ішінде пайдаланушылар #Наурыз2025 хэштегімен 25 000-нан астам бейне жариялады, бұл соңғы үш жылда мерекелік тақырыптағы контенттің жалпы санын шамамен 180 000 роликке жеткізді. Бастаманы серіктестердің рекордтық саны қолдады, оның ішінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ҰК, сондай-ақ Visit Shymkent, Алматы Туризм бюросы және «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығы бар.

Қолданушылардың цифрлық қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайту

TikTok платформадағы қауіпсіздік пен қолданушылардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған құралдарын белсенді түрде дамытуын жалғастырды және қолданушылар үшін ыңғайлы цифрлық орта қалыптастырды. Платформа Қауымдастық ережелерін жаңартып, оларды бұрынғыдан да түсінікті әрі қолжетімді етті, жасөспірімдерді қорғауға және салауатты цифрлық дағдыларды қалыптастыруға арналған мүмкіндіктерін кеңейтті. Сонымен қатар «Уақыт және әл-ауқат» бөлімі іске қосылып, онда қолдау сөздері, тыныштандыратын дыбыстар және тыныс алу жаттығулары ұсынылды.

Авторларға арналған құралдар да айтарлықтай жақсарды: LIVE режиміндегі пікірлерді басқару, контентті бақылау, жарияланымдарды алдын ала тексеру және жаңартылған хабарламалар функциялары енгізілді. Бұған қоса TikTok танымал креаторлар және Astana Hub-пен бірлесіп әзірленген «Ең Алдымен Қауіпсіздік» атты қазақ тіліндегі алғашқы цифрлық сауаттылық жобасын таныстырды.

#Қазақстанмұғалімдері: білім контентіне сұраныстың өсуі

2025 жылы TikTok педагогтарды қысқа бейне форматындағы білім бөлісуге шабыттандыратын #Қазақстанмұғалімдері бастамасын кезекті рет өткізді. Төрт жыл ішінде жобаға 90 мыңнан астам оқыту бейнесі жасалды. Бастаманың дәстүрлі серіктестері - ҚР Ағарту министрлігі және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

TikTok әсері: платформаның Қазақстан экономикасына ықпалы

TikTok және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы шағын және орта бизнеске платформаның әсерін бағалауға арналған алғашқы зерттеуді таныстырды. Зерттеу нәтижелері бойынша, TikTok-ты аптасына кемінде бір рет пайдаланатын әрбір сегізінші кәсіпкер кірісінің жартысынан астамын платформаның арқасында қалыптастыратыны анықталды.

Сақтық сценарийі бойынша, 2024 жылы шағын және орта бизнес субъектілері (ШОБ) TikTok арқылы 219 млрд теңге табыс тапқан. Оптимистік болжамда бұл көрсеткіш 438 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін. TikTok-тың Қазақстан ЖІӨ-не тікелей қосқан үлесі 0,16–0,32% аралығында бағаланса, жеткізу тізбектері мен жанама әсерлерді ескере отырып, жалпы экономикалық ықпалы ЖІӨ-нің 1,13%-ына дейін жетеді.

Бұл нәтижелер TikTok-тың тек шығармашылық алаң ғана емес, сонымен қатар цифрлық кәсіпкерлікті дамытатын, экономикалық белсенділікті арттыратын маңызды платформа екенін көрсетеді.

«Биылғы жыл шығармашылық пен танымдық контенттің қаншалықты қуатты әсерге ие екенін айқын көрсетті — ол білім таратуда, мәдени мұраны сақтауда және позитивті цифрлық ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Discover List 2025 тізіміне алғаш рет қазақстандық педагогтың енуі – біз үшін үлкен жетістік, ал үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан Наурыз фестиваліміз платформамыздағы ең ірі мәдени оқиға деңгейіне көтерілді. Алдағы уақытта да қолданушыларға өзін еркін, қауіпсіз және шығармашылық тұрғыда көрсетуге мүмкіндік бере отырып, авторларды қолдауды, цифрлық сауаттылықты арттыру бастамаларын дамытуды және мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуды жалғастыра береміз» TikTok компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлім басшысы Мелис Чаглар

​​​​​​​TikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -