Астанадан бір тәулік ішінде 20 мыңнан астам текше метр қар шығарылды.

1122
Фотосурет: Gov

Астанада коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген әрі тоқтаусыз режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қар күреу жұмысына күнделікті мыңдаған маман мен арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

12 желтоқсан күні коммуналдық қызметтер 1634 рейспен қала аумағынан 20 мың текше метрден астам қар шығарды.

13 желтоқсанға қараған түні қар күреу жұмысына 413 жол жұмысшысы мен 972 арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан жалпы көлемі 481449 текше метр қар 37749 жүк көлігімен шығарылды.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Осыдан кейін қар жинау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жалғасады.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолда және тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс жолға шықпауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -