Қарағанды облысында жастар саясаты саласында жаңа бастамалар іске қосылды

1551
Фотосурет: Gov

Қарағанды облысында алғаш рет Сенаттың қолдауымен «Талдау мектебі. Қарағанды» жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа Saryarqa Jastary платформасы іске қосылды. «Салауатты сана» жобасы аясында Жастар ресурстық орталығының базасында жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алуға бағытталған фронт-офис ашылды. Өңірдегі жастар саясаты саласында биыл тағы қандай жұмыстар атқарылды?

Жаңа жобалар

Облыста жастардың әлеуметтенуіне және жұмысқа орналасуына көмектесетін Next Urpaq жобасы іске қосылды. Оған шамамен 100 жас қатысты.

«Ұлт қазынасы» жобасы да бастау алды. Ол ауыл жастарының талантын анықтап, әлеуетін ашуға бағытталған. Жобаға 2000-ға жуық жас қамтылды.

Тағы бір жаңа жоба — «Сары-Арқа Life». Ол жастарды мәдениетпен таныстыруды мақсат етеді. Бұл бағытта «Мәдениет картасы» дисконт картасы енгізіліп, мәдени алаңдар цифрландырылды. Жобаға 100-ден астам жас қатысты.

Жұмыспен қамту

«Жасыл ел» жобасына ерекше қолдауды қажет ететін жасөспірімдер тартылды — барлығы шамамен 5000 адам.

Бастамаларды қолдау

Жастардың 17 жобасы бойынша 77 жастар ҮЕҰ қолдау алды.

«Қарағанды облысының үздік студенті» жобасы аясында Жастар ресурстық орталығы алты студент пен бір клубтың бастамаларын қолдап, жалпы 1,5 млн теңге көлемінде сыйақы бөлді.

Jas Fund жобасы аясында интеллектуалды және шығармашылық бағыттағы 24 жастар бастамасы қаржылай қолдау тапты.

Тұрғын үй бағдарламасы

Жастар ипотекасы бағдарламасы бойынша үш жылда 334 жас маман жеңілдетілген несие алды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Экологиялық акция барысында 250 кг-нан астам пластик жиналды.

Волонтерлік қызмет

Өңірде 73 еріктілер ұйымы жұмыс істейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -