Ұландық сарбаздар жоғалған ұялы телефонды иесіне қайтарды

1936
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Оралда Ұлттық ұланның патрульдік қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілері азаматқа жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

15 жастағы жасөспірім көшеде патрульде жүрген әскери жасаққа жүгініп, «Redmi» маркалы ұялы телефонының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Өтініш түскен сәттен бастап Ұлттық ұлан сарбаздары іздестіру жұмыстарын дереу ұйымдастырды.

5517 әскери бөлімінің 1 жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері аумақты тексеру барысында жоғалған телефонды тауып, оны заңды иесіне қайтарды. Телефонын қайта алған жасөспірім әскери қызметшілерге алғысын білдіріп, олардың қырағылығы мен жедел әрекетіне ризашылығын жеткізді. Аталған оқиға «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында орын алған.

Бұл жағдай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен азаматтардың мүлкін қорғауда Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің кәсіби дайындығы мен жауапкершілігін көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -