Алматыда Тәуелсіздік күніне орай телемұнараның жарықтандыруы жаңартылды

1485
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы, Бостандық ауданында, Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан биіктігі 200 метр телерадио хабарын тарататын мұнараның сәулеттік жарықтандыру жобасы толық жүзеге асырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңартылған жарықтандыру қаладағы ең танымал инженерлік нысандардың бірі саналатын телемұнараның бірегей құрылымын айқындап, оны мегаполистің кешкі келбетінің айшықты нүктесіне айналдырды. Осылайша нысан тек қалалық инфрақұрылымның функционалдық бөлігі ғана емес, сонымен қатар Алматының заманауи сәулеттік жарықтандыруының маңызды элементіне айналды.

Жоба аясында заманауи жарық прожекторларын орнату, жаңа кабель желілерін тарту, сондай-ақ әртүрлі жарық үлгілерін жасауға мүмкіндік беретін интеллектуалды басқару жүйесін енгізу бойынша кешенді жұмыстар атқарылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -