Қатты қар жаууына байланысты Астананың коммуналдық қызметтері жұмысты күшейтті

1100
Фотосурет: Gov

Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген әрі тоқтаусыз режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде Астанадан 1 475 рейспен 18 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

17 желтоқсан күні таңертеңгі жағдай бойынша қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 400-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Қыс мезгілі басталғалы бері қала аумағынан қар полигондарына жалпы көлемі 688 мың текше метрден астам қар 53 541 жүк көлігімен шығарылды.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жұмы жүргізіледі.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр.

Сонымен қатар, аула аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз ету ПИК пен МИБ-тің міндеті екені еске салынады. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аулаларды қар мен мұздан уақытылы тазалауы тиіс.

Астана қаласының әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -