Астанадағы Ұлттық ұланның «Жас Бүркіт» сыныбында салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті

1265
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астана қаласының №91 мектебінде 7 сынып оқушыларының «Жас Бүркіт» және «Жас Айбын» әскери-патриоттық сыныптары үшін салтанатты ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының ардагерлері, құрметті қонақтар мен ата-аналар арнайы шақырылды. Бұл рәсім жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және әскери-патриоттық рухты нығайту мақсатында өткізілді.

Салтанатты шара барысында оқушылар Отанға адал болуға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, тәртіпті сақтауға және білім алуда табанды болуға ант берді. Сонымен қатар оқушылар саптық дайындық элементтерін көрсетіп, ұйымшылдық пен тәртіптің жоғары деңгейін көрсетті.

Ұлттық ұлан ардагерлері жас сарбаздарға патриоттық тәрбие жөнінде тағылымды сөз сөйлеп, ел қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы екенін атап өтті. Ата-аналар мен қонақтар оқушылардың дайындықтарына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты ант қабылдау рәсімі оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, жауапкершілік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен серпін берді. №91 мектеп ұжымы «Жас Бүркіт» және «Жас Айбын» сыныптарының оқушылары ел болашағы жолында абыроймен қызмет ететініне сенім білдіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -