990 теңгеге шаңғы мен сноуборд: FlyArystan қысқы акциясын жариялады

1034
Фотосурет: t.me/flyarystan_inform

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Шығыс Қазақстан облысына орындалатын рейстерде тау-шаңғы жабдықтарын тасымалдауға арналған арнайы тарифтердің іске қосылғанын хабарлайды. Бастама қысқы туризмді қолдауға және өңірдегі тау шаңғысы курорттарын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Саяхаттар мерзімі саналатын аралықта – 2025 жылғы 15 желтоқсаннан 2026 жылғы 31 наурызға дейін – шаңғы және сноуборд жабдықтарын тасымалдау қызметінің құны 10 000 теңгенің орнына 990 теңгені құрайды.

Науқан келесі бағыттар бойынша орындалатын рейстерге қолданылады:

  • Алматы – Өскемен – Алматы;
  • Астана – Өскемен – Астана.

Тасымалдауға рұқсат етіледі:

Бір қаптамаға (чехол) салынған келесі шаңғы жабдықтары:

  • бір жұп шаңғы;
  • бір жұп шаңғы таяғы;
  • бір жұп шаңғы етігі;
  • бір шаңғы дулығасы.

Бір қаптамаға (чехол) салынған келесі сноуборд жабдықтары:

  • бір сноуборд;
  • бір жұп етігі;
  • бір шаңғы дулығасы.

Спорттық жабдықтарды тасымалдау қызметін кемінде ұшуға 24 сағат қалғанда FlyArystan мобильді қосымшасы, ресми сайттағы «Брондауды өзгерту» бөлімі арқылы, сондай-ақ әуежайдағы тіркеу бағанында сатып алуға болады. Әуекомпания жолаушыларға спорттық жабдықтарды тасымалдау шарттарымен алдын ала танысып, қызметті әуежайға келуден бұрын рәсімдеуді ұсынады.

Валюта бағамының өзгеруіне байланысты қызмет құнында аздаған ауытқулар болуы мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -