Әуе мобильдігі: eVTOL технологиялары Қазақстанның көлік жүйесін өзгертеді

1188
Фотосурет: Gov

Төмен биіктіктегі экономиканы дамыту аясында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған делегация «Аллюр» компаниялар тобының өкілдерімен бірге EHang Future City компаниясының президенті Чжао Ванмен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ делегация Қытайдың Юньфу қаласында орналасқан EHang компаниясының ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін зауытында болды.

Кездесу барысында тараптар қалалық әуе мобильдігі саласындағы озық технологияларды енгізу мәселелерін, оның ішінде жолаушылар тасымалы мен логистикада eVTOL үлгісіндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Сапар аясында делегация EHang компаниясының бас кеңсесіне де барды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -