Ақмола облысында «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында қалалық пікірсайыс турнирі өтті

1331
Фотосурет: Ақмола облысы бойынша МҚІА

Көкшетау қаласының «Жастар ресурстық орталығы», Ақмола облысының Пікірсайыс федерациясы және Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қолдауымен «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында қалалық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін насихаттау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамдағы тәртіп пен әділеттілік мәселелерін талқылау болды.

Турнир барысында қатысушылар өздерінің шешендік қабілеттерін, сыни ойлау деңгейін және өзекті әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша көзқарастарын жоғары деңгейде көрсетті. Пікірсайыс алаңында заңды сақтау, қоғамдық тәртіп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері сияқты маңызды тақырыптар кеңінен қозғалды.

Іс-шара жастардың белсенділігін арттырып, олардың құқықтық сауаттылығын дамытуға және қоғамдағы өз орнын терең түсінуіне оң әсерін тигізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -