Құқықтық сауаттылық: елордада «Халық заңгері» акциясы өтті

1210
Фотосурет: Gov

«Заң және тәртіп» қағидаты мен «Халық заңгері» акциясы аясында Астана қаласының Сарыарқа ауданы прокуратурасы қала тұрғындарына өзекті мәселелер бойынша құқықтық кеңес ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құқықтық көмек көрсету акциясы «Наз» мемлекеттік би театрында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция барысында кез келген тұрғын заң көмегін тегін, сондай-ақ сот істері, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және кәсіпкерлік салаларына қатысты кеңестер алу мүмкіндігіне ие болды.

Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Қасымжомарт Бейсенбайдың айтуынша, іс-шара республикалық әлеуметтік «Халық заңгері» акциясы аясында ұйымдастырылған.

«Басты мақсатымыз – халыққа қолжетімді құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықты арттыру. Барлық заңгерлік кеңес тегін беріледі. Кеңес беруге жетекші заңгерлермен қатар өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері тартылды», – деді Қасымжомарт Бейсенбай.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -