Қазақстанның ұлттық музыкалық мұрасы Стамбулда таныстырылды

1265
Фотосурет: Gov

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Ыстамбұлда өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеште ұлттық, дәстүрлі мұра жаңаша ұсынылды. Концертке республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысты. Танымал өнер иелері ұлттық дәстүр мен тарихи мұраны заманауи музыкалық өңдеуде орындады. Атап айтсақ, Құрманғазы Сағырбайұлының, Үкілі Ыбырайдың, Қорқыттың, Сәкен Сейфуллиннің, Нұрғиса Тілендиевтің, қазақ және түрік халық әндері мен т.б. туындылар ұсынылды.

Іс-шара Қазақстанның музыкалық мұрасын түрік халқына таныстырып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға арналған алаң болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -