Қорғаныс министрі Қатардағы халықаралық музыкалық фестивальге қатысушыларға алғысын білдірді

1111
Фотосурет: Gov

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Дохада өткен I халықаралық әскери музыка және марштар фестиваліне қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық ұжымның түрлі алаңдардағы өнер көрсетулері Қатардың Ұлттық күні мерекесі кезінде көрермендердің жылы қабылдауына ие болып, мәдени іс-шараны ұйымдастырушылар тарапынан жоғары баға алды.

– Фестиваль барысында Ұлттық әскери-патриоттық орталық қызметшілері мен Құрмет қарауыл ротасының жеке құрамы патриоттық әндер, сахналық көріністер және ұлттық нақыштағы өнер арқылы еліміздің рухани мұрасын шетелдік көрермендерге таныта білді. Бұл Қарулы күштеріміздің тек қауіпсіздіктің кепілі ғана емес, сонымен қатар ел мәдениетінің рухани айнасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай жетістіктер Қазақстан Қарулы күштерінің халықаралық аренадағы беделін арттыруға үлес қосады, – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Іс-шара барысында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Әсенов пен Құрмет қарауыл ротасының командирі аға лейтенант Жеңісбек Рақымжан Қорғаныс министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Фестивальге елімізден Орталық әскери оркестр, би тобы, фольклорлық-этнографиялық ансамбль және Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы қатысты. Қазақстандық әскери қызметшілер концерттік бағдарламадағы репертуары мен ұлттық нақышы арқылы ерекшеленді. Онда Нұрғиса Тілендиевтің, Темірхан Қожабековтің, Бақытжан Желдербаевтың шығармалары, сондай-ақ «Allah Ya Omri Qatar» патриоттық әні орындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -