2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды DKNews.kz.
Атырау облысы:
- «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолының 130-210 шақырым аралығы (Құлсары ауылынан Маңғыстау облысының шекарасына дейін).
Жетісу облысы:
- «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылынан – Достық станциясына дейін).
Маңғыстау облысы:
- «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолының 210-632 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Шетпе ауылына дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 521 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.