Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Мемлекет басшысының Жарлығымен 1995 жылғы 1 наурызда құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев — ҚХА-ның Төрағасы ретінде Ассамблеяға, ҚХА Кеңесіне жетекшілік етеді және оның қызметіне жалпы басшылық жасайды. ҚХА құрамына 823 адам кіреді. Олар — республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, сондай-ақ танымал қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, Парламент пен мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, журналистер, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен жастар.