2025 жылғы 23 желтоқсанда Агенттік Басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылдады, ол сегіз нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Негізгі өзгерістер мен толықтырулар келесі мәселелерге қатысты:
- сақтандыру шартын алғаш жасаған жүргізушілер (мотокөлік және автокөлік иелері) үшін міндетті автосақтандыру құнын төмендету;
- бірыңғай сақтандыру дерекқорына берілетін ақпараттың дәйектілігі үшін сақтандырушының жауапкершілігін белгілеу;
- «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттерді есептеу тәртібін, оның ішінде мемлекеттік дерекқорларға қолжетімділігі шектеулі жағдайларда нақтылау;
- сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту;
- сақтандыру брокерлерінің қызметі туралы, оның ішінде олардың комиссиялық сыйақысының ең төменгі және ең жоғары мөлшері туралы ақпаратты ашу;
- сақтандыру полисін ресімдеуге, сондай-ақ сақтандырушы сайтының техникалық жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілеу.
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 желтоқсанда № 37693 болып тіркелді және 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін сақтандырушылар сайттарының техникалық жұмыс істеу мәселелерін көздейтін ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін болады.