Алматы әкімдігі қалаға ақылы кіру туралы ақпаратты жоққа шығарды

1265
Фотосурет: Gov

Атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер аясында Алматы қаласына немесе оның жекелеген аумақтарына ақылы кіру тәртібін енгізу көзделмеген, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы қала мәслихатының кезектен тыс XL сессиясында депутаттардың сауалына жауап берген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әңгіме атмосфералық ауаны қорғау саласындағы жағдайды бақылау мен реттеуге бағытталған пилоттық және ұйымдастырушылық шаралар жөнінде ғана болып отыр.

«2026 жылдан бастап ақылы жүйені енгізу жоспарланбаған, өйткені ол үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет. Алдымен пилоттық жоба сынақтан өткізіледі, оның артық-кем тұстары сараланып, содан кейін ғана әрі қарайғы даму бағыты айқындалады», – деді Алмасхан Сматлаев.

Ол Алматыда қаланың көлік қаңқасына арналған жоспар әзірленгенін атап өтті. Бұл құжатқа сәйкес қаланың шығыс, батыс және солтүстік бөліктерінде көлікке ауысып міну тораптарын салу көзделген. Аталған нысандарға жаңа метро желілерін және LRT бағыттарын тарту, сондай-ақ қосымша автобус маршруттарын іске қосу жоспарланып отыр.

Әкім орынбасарының дерегінше, бүгінде Алматы көшесінде күн сайын 1 миллионнан астам автокөлік жүреді.

«Әлемдік тәжірибеде тұрғындардың шамамен 70 пайызы қоғамдық көлікті, ал 30 пайызы жеке автокөлікті пайдаланады. Алматыда бұл көрсеткіш керісінше: қозғалыстың 60 пайызы жеке көлікке, 40 пайызы қоғамдық көлікке тиесілі. Әлемдік үлгіге кезең-кезеңімен көшу нәтижесінде тұрғындардың қоғамдық көлікке ауысуы арқылы автокөлік саны шамамен 300 мыңға қысқаруы мүмкін. Бұл экологиялық және көлік ахуалын едәуір жақсартады. Дегенмен, бұл біртіндеп жүзеге асатын үдеріс және жуық арада шешіле қоятын мәселе емес», – деп сөзін

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -