«Таза Қазақстан»: алматылықтар мерекеден кейін бірден қала тазалығына атсалысты

1254
Фотосурет: Gov

Алматыда жаңа жылдық концерт аяқтала салысымен «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Коммуналдық қызметтер аумақты жедел тазалап, алаңдар мен көшелерден қоқыс жинап, қоғамдық орындарды ретке келтірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Акцияға мерекелік концертті тамашалауға келген көрермендер де қосылды. Қала тұрғындары тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» бастамасы Алматының жаңа жылды мерекелік көңіл күймен қатар, қалалық ортаға деген жауапты көзқараспен бастағанын көрсетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -