Ауа райына қарамастан мереке: Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті

1155
Фотосурет: Gov

Алматы қаласындағы Астана алаңында мегаполистің басты Жаңа жылдық концерттік кеші өтті. Мерекелік кеш барысында алматылықтар мен қала қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеш соңында қала тұрғындары мен қонақтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауын тыңдап, артынша отшашуды тамашалады.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Алматыдағы Астана алаңына шамамен 50 мыңнан астам адам жиналып, 2026 жылды ашық аспан астында қарсы алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -