Қазалы ауданында аудандық аурухананың жаңа корпусы ашылды

3168
Фотосурет: Gov

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 42 төсектік кардиологиялық және инсульт орталығы орналасқан аудандық аурухананың жаңа корпусының құрылысы аяқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоба мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен толық қаржыландырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Болашақта мұнда МРТ аппаратын орнату жоспарлануда, бүгінде аурухананы компьютерлік томографпен жарақтандыру мәселесі шешілді.

«Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде өңірде қазірдің өзінде тұрғындар медициналық көмек алып жатқан 10,763 млрд теңгеге 27 медициналық нысан салынды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -