Бейжай қалмады: әскери жасақ адасып қалған оқушыға көмек көрсетті

3355
Фотосурет: Ұлттық ұлан

2026 жылғы 2 қаңтар күні кешкі уақытта 5512 әскери бөлімінің әскери жасақтары қоғамдық тәртіпті күзету барысында маңызды әрі жауапты міндет атқарды — адасып қалған баланы аман-есен табыстауға жәрдемдесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сағат шамамен 19:15-те Қайырбаев көшесінде орналасқан әскери жасаққа жасы он шамасындағы бала жүгінді. Бала қатты алаңдаулы күйде екенін байқатып, өз жолдастарын таба алмай қалғанын айтып, адасып кеткенін жеткізді.

Әңгіме барысында анықталғандай, оқушы достарымен бірге «Ертіс» кинотеатрына келген. Киносеанс аяқталғаннан кейін ғимараттан шығып бара жатып, гардеробта бас киімін ұмытып кеткенін есіне алған. Кері оралған кезде жанында достары болмаған. Бейтаныс ортада жалғыз қалған бала дұрыс шешім қабылдап, көмек сұрап Ұлттық ұландықтарға жүгінген.

Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әскери жасақ шұғыл түрде қажетті шараларды қабылдады. Бала №6 учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, сол жерде учаскелік инспектормен бірлесіп оның тұрғылықты мекенжайы анықталып, туыстарымен байланыс орнатылды. Көп ұзамай баланың атасы табылып, учаскелік инспектордың қатысуымен туыстық байланысы расталғаннан кейін бала заңды өкіліне аман-есен тапсырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -