Өрт сөндірушілер өрт кезінде ер адамды құтқарып, тұрғындарды эвакуациялады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін Алматы қаласы, Самал 1 шағын ауданында, 12 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерде өрт шықты.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел түрде жіберілді. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт тез арада сөндірілді, бұл өрттің көрші пәтерлер мен қабаттарға таралуын болдырмады.
ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, әсіресе қыс мезгілінде, өрт шығу қаупі артады.