Батыс Қазақстанда жүргізушілерге қозғалыс шектеуі туралы ескертілді

3025
Фотосурет: QazAvtoJol

Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-да автожолдардың жекелеген учаскелері жабылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2026 жылғы 04 қаңтар сағат 15:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Атырау—Орал» 371-492 шақырым аралығы (Чапай елді мекенінен Орал қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 04 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған. 

2026 жылғы 04 қаңтар сағат 15:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» 273-393 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 04 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған. 
   
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -