БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін күндіз Батыс Қазақстан облысы ТЖД күштерімен күрделі метеорологиялық жағдай кезінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.
Казталов, Тасқала, Ақжайық және Теректі аудандарында қар құрсауында қалған учаскелерден 18 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта облыс аумағында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 учаскесінде жүк автокөліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу енгізіліп, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесі жабық.
ТЖМ ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.