4 мыңнан астам рейс: Астана қарлы боранмен қалай күресіп жатыр

2717
Фотосурет: Gov

Астананы қардан тазарту жұмысы үздіксіз, тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде қала аумағынан қар полигондарына 57 412 текше метр қар 4 089 жүк көлігімен шығарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

5 қаңтар күні таңғы уақыттан бастап қаладағы негізгі магистральдарда, кварталішілік жолдарда, тротуарларда және жаяу жүргіншілер аймақтарында 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,8 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Қыс маусымы басталғаннан бері қала аумағынан қар полигондарына 1 млн 644 мың текше метрден астам қар 125 мың рейспен шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарына мұзға қарсы материалдар себіліп жатыр. Қаланы тазалау және өңдеу жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.

Астана қаласы әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда абай болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарларға шығар алдын ауа райы жағдайларын назарда ұстауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -